Белгілі әнші Ерке Есмахан үшінші сәбиі Батырды қырқынан шығарып, бесікке салу рәсімін өткізді. Ол бұл отбасылық қуанышының видеосын желіге жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар.
Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар", — деп жазды әнші.
Еске салсақ, 12 маусымда Ерке Есмахан үшінші сәбиін өмірге әкелгенін жазған едік. Әнші Raim мен Ерке ұлына Батыр есімін таңдаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз