Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум қаласындағы демалысы кезінде суға батып кете жаздаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оны ауруханаға алып кеткен, деп Haberler порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәліметінше, оқиға Бодрумның Кайнар ауданындағы бес жұлдызды қонақүй аумағында болған.
"Қолда бар ақпарат бойынша, Рамзан Қадыров суға түскеннен кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Мұны жақын маңда жүрген жағажай қызметкерлері байқап, медициналық бригаданы шақырған", — деп жазады басылым.
Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оған алқашы көмек көрсетіп, ауруханаға алып кеткен.
Сондай-ақ басылым қазіргі уақытта Шешенстан басшысының жағдайы тұрақты екенін, оның өміріне еш қауіп жоқ екенін жазған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз