Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Еліміздің екі мегаполисі мен жеті облысында дабыл жүйесі іске қосылады

24 шілдеде Қазақстанның екі мегаполисі мен жеті облысында дабыл жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, 23-24 шілдеде елімізде “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру республикалық штабы Шымкент қаласында орналасқан.

24 шілдеде сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісі болуы ықтимал еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлері – Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында “Баршаның назарына!” сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

“Оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі”, — делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен 4 далалық медициналық аурухана көрсетілетін болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз