Қазақстан мен Грузия арадағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделі.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов пен Грузияның экономика министрі Мариам Квривишвили кездесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, көлік-логистикалық және инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілету мәселелерін талқылады. Биыл қаңтар-мамыр айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 75,2 млн долларға жеткен. Бұны еселейтін зор әлеует бар. Оған Поти портында іске қосылған жаңа қазақстандық контейнер терминалы сеп бола алады. Бұл Грузияның негізгі теңіз хабында жүзеге асырылған алғашқы қазақстандық инфрақұрылымдық жоба. Осы ретте Олжас Бектенов Шығыс Азияны Еуропамен байланыстыратын біртұтас, дәйекті логистикалық тізбек құрылып келе жатқанын мәлімдеді.