Жыл басынан бері қазақстандықтарға 26 млн-нан астам онлайн қызмет көрсетілген. Оның 12 миллионы смартфондар арқылы жүзеге асқан. Бүгінде мемлекеттік қызметтің 90%-ы онлайын форматында қол жетімді. Тұрғындар бұл мүмкіндікті барынша пайдаланып отыр. Мәселен биыл Электронды Үкімет порталына тіркелгендер саны 14,8 млн адамға жетті. Ал eGov порталының қолданушылары 11 млн-ға жуықтады. Ең танымал әрі жоғары сұранысқа ие қызмет түрі — «Цифрлық құжаттар бөлімі ». Бұл қызметті азаматтар 41 млн рет пайдаланған. Қазір аталған сервистерді одан әрі дамыту, оңтайландыру және халыққа ыңғайлы қылу жолдары жетілдіріліп жатыр.

Нұрсұлтан Тілектес