Орал қаласында өрт сөндіруші жүріп бара жатқан екі өрт сөндіру көлігінің үстінде шпагат жасап, желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталаған сәтінен видео Instagram желісінде жарияланды.
Ол мұны жүріп келе жатқан екі өрт сөндіру көлігінің ортасында ешқандай қауіпсіздік құралдарынсыз орындаған.
Желі қолданушылары өрт сөндіру көлігімен трюк орындаған құтқарушыға тәнті болып, видеоға пікір қалдырды.
"Мықты, жігіт жарады", "Жан-Клод Вандамм түсірілім кезінде сақтандыру құралдарын пайдаланғаны айдан анық, ал құтқарушы бәрін әдемі орындады, сақтанбады", "Азамат", "Жан-Клод Ван Дамм", — деп жазған олар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз