Алдын ала мәлімет бойынша, 3 адам қаза тауып, 150-ге жуық жолаушы құтқарылған.
Индонезияның Солтүстік Сулавеси провинциясында 280 адам мінген паром өртеніп, бірнеше адам қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
KM Barcelona 5 паромында өрт Манадо қаласының маңындағы суларда жүрген кезде тұтанған.
"Үш адам көз жұмды, ал шамамен 150 адам аман-есен құтқарылды. Оларды бірлескен құтқару топтары мен жергілікті балықшылардың қайықтары құтқарып үлгерді", – деді құтқарушылар өкілі Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында.
Қазір іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Жоғалған адамдарды табу үшін екі кеме, бірнеше үрлемелі қайық және өзге де су көліктері жұмылдырылған.
Оқиғаның себебі әлі белгісіз, тергеу жүргізіліп жатыр.