Бублик спорттық мансабындағы 19-жартылай финалға жолдама алды.

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Бублик аргентиналық Франсиско Комесаньяны сенімді түрде жеңіп, кездесуді 6:4, 6:3 есебімен аяқтады.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 9 эйс жасап, 3 қос қателікке жол берді. Сонымен қатар, ол 4 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдалана білді.

Айта кетейік, бұл Александрдың маусымдағы сәтті өнер көрсетіп жүрген кезекті турнирі. Енді ол жартылай финалда Артур Казюмен кездеседі. Матч бүгін, 19 маусым Roy Emerson Arena кортында 16:30 басталады.