Семейде құтқарушылар су толы терең құдықтан итті шығарып алды. Жануар құтқарылған видео ТЖМ-нің Telegram-арнасында жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, Семейдегі Матяш көшесінде қаңғыбас ит су толы құдыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмаған. Иттің үрген дауысын өтіп бара жатқан адам естіп, 112 нөміріне қоңырау шалған.

"Құтқарушылар жануарларды ұстауға арналған құралдың көмегімен итті шығарды. Төртаяқты аман қалды. Жануар зардап шеккен жоқ", — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!