19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көріне білді.
Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды — 00:58:56.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда.
Бұған дейін Александр Бублик Гштадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыққан болатын.