Каспий теңізінде SUP борд теуіп, жағадан алыстап кеткен 10 адам құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің хабарлауынша, Ақтау қаласының жанында адамдар жергілікті толқындарды бағындыруға теңізге шыққан, бірақ қатты жел салдарынан олар өз күштерімен жағаға жете алмаған.

Сол аймақта кезекшілікте болған ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оларды байқап, көмекке асықты. Олар жастарды аман-есен жағаға жеткізді. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Министрлік ️теңізде демалғысы келетіндерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынды:

  • суқоймаға желді ауа райында шықпаңыздар;
  • SUP бордтқа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз