Абай облысы орталығында ТЖМ әскери қызметшілері суға шомылу кезінде аяғы тартылып қалған жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 шілдеде кешкісін Семей қаласының жағажайында қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болды.

"ТЖМ әскери қызметшілері жағажайда патрульдеу кезінде жасөспірімнің көмекке шақырған дауысын естіп, дереу әрекет етті. Олардың бірі көмекке асығып, суға батып бара жатқан адамды жағаға шығарды. 15 жасар жасөспірім жағадан 10-11 метр қашықтықта суда болған", делінген хабарламада.

Құтқарылған бозбалаға медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Семейде жағажайда түсірілген видео үшін Range Rover жүргізушісіне ірі көлемде айыппұл салынғанын жазғанбыз.