Қазіргі таңда полиция бағалы бұйымдардың бөлігін иесіне қайтарып берді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығымен айналысқан 5 ер адам құрықталды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ұрылар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды қолды еткен. Бір ай ішінде күдіктілер онға жуық үйді тонаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады.
– Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың барлық мән-жайы мен болуы мүмкін эпизодтарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Полиция азаматтарға ұрлықтың құрбаны болмау үшін қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігі туралы еске салады.