Мемлекет басшысы отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

"Исраил Сапарбай ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосқан дарынды қаламгер еді. Ұлттық поэзия мен драматургияда өзіндік қолтаңбасын қалдырып, нағыз шығармашыл тұлға ретінде өнімді еңбек етті. Қалың оқырман өміршең туындыларымен қатар ұлтжанды азаматтығын жоғары бағалады. Соңына бай әдеби-мәдени мұра қалдырған Исраил Сапарбайдың жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды", – деп жазылған жеделхатта.


Оқи отырыңыз: Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай қайтыс болды