Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі.
19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.
Кейін ел аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
Осыған байланысты республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы мүмкін. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман түсуі ықтимал.
Сондай-ақ алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста 43°С-қа дейін, солтүстік-батыста және шығыста 40°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста 42°С-қа дейін аптап ыстық күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз