ҚМА Ақтөбе облысы бойынша Департаменті Шекара қызметімен бірлесіп вейптерді заңсыз тасымалдау әрекетін тоқтатты.

"Жайсан-автомобиль" шекаралық өткізу пунктінде Ресей Федерациясынан келе жатқан екі жүк көлігі ұсталды.

Тексеру барысында тыйым салынған өнімдердің ірі партиясы анықталды:

  • 13 мың электрондық тұтыну жүйесі (вейп);
  • 2 мың дана вейпке арналған сұйықтық;
  • 14 мың дана шылымсыз темекі өнімдері.

Аталған факті бойынша екі азаматқа қатысты сот үкімі шығарылды. Олар 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Жалпы құны 26 млн теңге құрайтын вейптер тасымалданған көлік құралдары тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.