Қайғылы оқиға демалыс орындарының бірінде болған.

Баланың денесін сүңгуірлер 2 метр тереңдіктен алып шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында орналасқан демалыс орындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Кеше сағат 19:10-да 112 қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрағандар 4 жасар баланың суға батып кеткенін хабарлаған.

– Жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы баланың денесін сағат 19:40-та алып шықты. Бала жағадан 5 метр қашықтықтан, 2 метр тереңдіктен табылды, – деді Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкері Амангелді Бекзат.

Былтыр Ақтөбеде 13 адам суға батып кетті. Оның 9-ы кәмелеттік жасқа толмағандар.