Халық жазушысы, көрнекті ақын Исрайл Сапарбай дүниеден озды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақ әдебиетінің тағы бір алып бәйтерегі құлады. Халық жазушысы, Алаш жұртының ардақты азаматы, көрнекті ақын Исрайл Сапарбай ағамыз келместің кемесіне мініп, жарық жалғаннан өтті. Қаламгердің барша ағайын-туыстарына, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.

Исраил ағамыз – нәзік лирикасымен, сырлы да сазды жырларымен қазақ поэзиясында өз өрнегін қалдырған ерекше тұлға еді. Оның өлеңі елдің үніне, әні халықтың жүрегіне айналды. Сезімді тербеген сыршыл жырлары мен ойлы драмалары – руханиятқа қосылған баға жетпес қазына.

Сара сөздің, шынайы сезімнің шебері – көпшілікке қазақ поэзиясының кең тынысын танытқан ақын ағамыздың асыл рухы пейіште шалқысын.

Алла тағала рақымына алып, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын! Қош болыңыз, Исрайл аға!" — деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз