Павлодар облысының прокуратурасы Екібастұздағы екі ірі кәсіпорынның мемлекетке төленуі тиіс салықтан жалтарғанын анықтады. Жалпы сомасы – 970 миллион теңге
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Анықталғандай, Нұржанов атындағы МАЭС-1 жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылған материалдарды «кіріс әкелмейтін» деп көрсетіп, 421 миллион теңге көлемінде салық міндеттемесінен жалтарған.
Ал вагон жасау зауыты өткізілген өнім бойынша қаржы айналымын әдейі төмендетіп көрсеткен. Бұл әрекет арқылы 550 миллион теңгеге жуық салықтан жалтарған.
Қадағалау органының араласуынан кейін 970 миллион теңге бюджетке қайтарылды.