Ақтауда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында үшінші энергоблок істен шығып, ірі өндірістік мекемелерге электр энергиясы шектеумен беріледі. Осыған орай, Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «МАЭК» кәсіпорнына барып, апаттық жағдайды жоюды тапсырды. Қазір күрделі жөндеуден шыққан екінші энергоблок іске қосылған. Нәтижесінде өндірістік орындардағы шектеулер алынбақ.

Соңғы аптада жабдықтардың тозуы салдарынан, үшінші энергоблок екі рет істен шыққан. Нәтижесінде электр қуатын өндіруде уақытша іркіліс болды. Қазір МАЭК-те бірінші энергоблог жұмыс істеп тұр. Тағы екіншісі сынақ режимінде іске қосылды.

Кеңес Орақов, Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының басшысы:

Қазір МАЭКтің беріп жатқаны 357 МГв. 12 мгв беріп жатын бірінші ЖЭО, 216 мгб беріп жатқан екінші ЖЭО и 129 МВт беріп жатан ЖЭО. Сол қазір біз екінші энергоблогты сол қосып жатырмыз, ол қазір тексеруден өтіп жатыр. Жүйе қосылып, сол жетпей тұрған100 МГв-ын береміз.

Аймақ басшысы энергокомбинаттағы қондырғылар мен жабдықтардың әбден тозғанын айтады. Сондықтан энергоблогтарды модернизациялаудың жобасы әзірленіп жатыр. Ал Ақтауда жарықтың өшуіне – электр желілерінің ескіргені себеп болған.

Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:

Бүгін ауыстырып бастау керек 75 шақырым, басым көпшілігі 1980, 1982, 1984 жылдары салынып кеткен электр желілері. Солар қазір берген қысымды көтермей жыртылып жатыр. Жергілікті бюджеттен керекті қаражаттың бәрін қарастырдық. Бірақ мәселе жердің астында жатқан электр желілері бізде Қазақстанда шықпайды.Әріптестеріміз басқа өңірлерден мүмкін қоймаларында тұрған 5 шақырым, 1 шақырым болса да жан-жақтан қазір жинау жұмыстарына кірісіп кетті.

Өңір басшысының тапсырмасымен электр желілерін жөндеу жұмыстарына 900 миллион теңге бөлінген. Қазір мамандар жобаны іске асыруға кірісті.

Аягөз Оралбайқызы