Бұрынғы Ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов (ол да істі болды) рақымшылыққа өтінім берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
— Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ, — делінген хабарламада.