Аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Ақмола облысында автожолда жол-көлік оқиғасы болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 шілдеде Екатеринбург – Алматы трассасында орын алған. Chery және Nissan Patrol маркалы көліктер соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төртеуі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады", – деді ведомстводан.

Полиция жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге қозғалыс жылдамдығын шектен асырмау және көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылауда ұстау қажет екенін ескертеді.