Өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтініш берді. Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.

"Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов апелляциялық шағым түсірді


Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда сот Бақытжан Байжановты аса ауыр қылмысты уәдесіз жасырды деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Судья Айжан Құлбаева сотталғандар үкім көшірмесін тапсырған күннен бастап 15 күн ішінде үкімге шағымдануға құқылы екенін түсіндірген болатын.