Белгілі әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында оқырмандарының пікіріне жауап беріп, өзінің күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмаханға оқырмандарының бірі: "Сізді психологтар күйеуін алдауды біледі деп жатыр ғой" деп әзіл-қалжыңы аралас сұрақ қойған. Оның бұл сауалына жауап берген Ерке Есмахан психологтарға да айтары барын жеткізді.
"Қателеседі олар. Ешкімді алдамаймын. Мен сүйгенді сүйемін. Психологтарға айтарым, әйелдерге одан да мынаны үйретіңіздер — еркекті жақсы көремін деп таусыласыз. Ал оған деген махаббатты жақсы көрсеңіз, өз ішіңіз сезімге толады, айналаңыз гүлденеді, жүзіңіз нұрланады. Арадағы махаббат ұлғаяды. Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз. Сол кезде еркек сізге ғашық болады. Махаббатты сүйіңіз", — деп жазды ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз