Брюссельде Еуроодақ кеңесінің отырысы нәтижесіз аяқталды. Словакия Ресейге қарсы санкцияларға қарсы шықты. Ресми Братислава газ бағасын шектеу мен одақтың 2028 жылға дейін ресейлік энергоресурстан толық бас тартуына наразы.
Жиынға қатысушылар Израильге қарсы санкциялар бойынша да ортақ келісімге келе алмады. Еуроодақ дипломатиясының басшысы Кая Каллас Израильге берілген сауда артықшылықтарын тоқтатып, визасыз режимді шектеуге және саяси диалогты жалғастырмауды ұсынған еді. Бұл мәселеде де тараптар ауызбіршілік таныта алмай, Израильмен ассоциация туралы келісім күшінде қалды. Бірақ Газаға гуманитарлық көмек жеткізу туралы жаңа жобаны жеделдету шешілді.
Кая Каллас, ЕО дипломатиясының басшысы:
- Газа секторында оң өзгерістер байқалады. Шекарадағы өткізу бекеттері ашылып, гуманитарлық жүк тиелген көліктер аймаққа кіре бастады. Электрмен жабдықтау жүйесі де жөнделіп жатыр. Бірақ Израиль өңірдегі гуманитарлық жағдайды жақсарту үшін нақты қадамдар жасауы керек. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз. Егер Израиль уәдесін орындамаса, тиісті шаралар қабылданады. Біздің мақсатымыз – Израильді жазалау емес, Газадағы жағдайды жақсарту.