Kaspi Bank Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының шотына бір күнде 620 млн теңге аударған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайрат Перизат ісі бойынша өтіп жатқан сотта Kaspi Bank өкілі Айдар Кісембаев банк басқармасы Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық ұйымының банктік шотына бір күнде 620 миллион теңгені екі траншпен – 120 миллион және 500 миллион теңгеден аудару арқылы қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын айтты.
"Ақша зардап шеккендерге қайық, генератор және басқа да заттар сатып алуға жұмсалғаны туралы алғыс хат келді. Бірақ тергеу барысында Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 шотындағы ақша ұрланғаны және Kaspi Bank-ке 620 миллион теңге көлемінде шығын келтірілгені анықталды", – деді банк өкілі.
Оның айтуынша, банк басшылығы "Біз бергеміз!" ұранына сеніп қалған.
"Kaspi Bank" АҚ басшылығы бұл ұйымға сеніп, көмектеспек болды. Ешкім заңсыз әрекет болуы мүмкін деп ойлаған да жоқ. Біз де оның қорынан деректер сұрап, сол кезде қорға қатысты сот материалдары жоқ екенін көрдік. Бұл ішкі тексеріс еді", – деп түсіндірді ол.