Жемқорлық жайлаған саланың бірі – құрылыс. Бүгінде құрылысы ұзап кеткен 152 нысан мемлекеттік бақылауда. Жылдар бойы тұралап қалған ғимараттарды қадағалауға арналған арнайы жоба да бар. Міне, сол жоба басаталғалы, яғни 2023 жылдан 87 нысан салынып бітті. Олардың ішінде – 20 мектеп, 12 тұрғын үй, 9 спорт, 8 мәдениет және 4 медициналық нысан, сондай-ақ көпір мен су құбыры жүйелері бар. Бүгінгі бағдарламада жылдарға созылған құрылыс мәселесі және қатардағы қазақстандықтар оған қалай үлес қоса алатыны туралы айтамыз.