Ол Париждегі ерлер сән апталығына қатысқан.

Онда шахматшы Сейдолла Төрежан аңызға айналған Dior брендінің атынан подиумға шығып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұндай ақпаратты бірінші болып Астана қаласының Орталық шахмат клубы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Өйткені, Сейдолла Төрежан аталған клубтың шахматшысы болып шықты. Ол әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі – IMG Models Сейдолламен келісімшарт жасасып үлгерген.

– Біздің оқушымыз – 17 жастағы Сейдолла Төрежан Париждегі ерлер сән апталығына қатысып, аңызға айналған Dior брендінің атынан подиумға шықты.

Сонымен қатар, әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі – IMG Models Сейдолламен келісімшартқа отырды. Модельдік индустриядағы жетістіктеріне қарамастан, Төрежан шахматты ұмытқан жоқ: қаңтар айында ол үшінші разрядты, ал ақпанда екінші разрядты орындады. Бос уақыт табыла салысымен, ол шахмат тақтасына қайта отыруды жоспарлап отыр. Төрежанды және оның ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Модельдік мансабында биік белестер мен шахматта жарқын жеңістер тілейміз! – делінген Орталық шахмат клубының хабарламасында.