Әзілкеш Ерболат Төлеген емшіге барамын деп керісінше ауруын асқындырып алғанын айтты.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Құрметті ағайын сіздерге айтарым, мынадай емшісымақтарға сенбеңіздер өтініш.

Әләуметтік желіге салмап едім. Қоймай біздің видеоларымыз инстаграмға салып осыларды аяққа тұрғыздым деп жүр екен.

Амал жоқ осы постты жазуға тура келді.

Ойбай керемет мануалист келді Алматыға деп балалар қоймай апарған.

Сүйтсем YouTube-тан 4-5 видео көріп алып, аяқ астынан емші болып кеткендер екен ғой.

ЕМШІСЫМАҚ

Дәл осы емшісымаққа сеніп барып жүрмеңіздер.

Оң қолымды яғни сіңірін жыртып жіберді 2-3 жылдай оң қолымды жұмыс істете алмай қиналдым.

Енді сол қолдың иығын көтере алмай қиналып жүрмін. 4-5 жылдай болды әлі емін таппай жүрмін.

Плазма терапияда, блакада да алдым кетпейді.

Сіздерге айтарым мұндай өтірік емшісымақтарға бармаңыздаршы», — деп жазды әзілкеш.