Қаза тапқандардың екеуі – жүргізуші , екеуі – жолаушы.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық олиция департаментінің хабарлауынша, 15 шілде күні сағат 12:30 шамасында "Ақтөбе – Атырау – Астрахан" тас жолының 814-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
Toyota Ipsum және Exeed көліктері соқтығысып, салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі, сондай-ақ Exeed көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.