Қазір қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Оқиға 15 шілде күні болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған.

– Алдын ала ақпаратқа сәйкес, секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға ұшырады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, – деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.