Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Мейрамбек Маратұлы Ахметов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
1983 жылы Целиноград облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдалар министрлігі "АЖТ орталығы" РМК бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2005-2007 жылдары — ҚР Төтенше жағдайлар министлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің жетекші маманы.
2007-2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті Қаржылық заңнама басқармасының бас маманы, бас сарапшысы.
2009-2013 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2013-2016 жылдары — Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
2016-2023 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппараты Заң бөлімінің басшысы, Заң департаментінің директоры.
2023-2024 жылдары — Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы заң департаментінің директоры.
2024 жылғы маусымнан бастап соңғы тағайындауға дейін "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС Кадрлық әкімшілендіру және жалақыны есептеу департаментінің директоры.