Ең көп келісім Қытай Халық Республикасымен жасалған.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін интернационалдандыру стратегиясы аясында Қазақстанда кадрларды даярлау сапасын арттыру, және отандық колледждерді жаһандық білім беру кеңестігіне енгізу үшін 10 негізгі халықаралық бастаманы жүзеге асып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Грузия және Ресей сияқты сегіз елдің серіктестерімен 50-ден астам меморандум жасалды.
Халықаралық жобаларға Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарынан 20-дан астам колледж қатысып жатыр.
Ынтымақтастық аясында Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі құрылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеуге маманданған KidsGo Technology Ltd технологиялық компаниясымен әріптестік басталды.
"Бұл бастамалар – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жаңғыртудың маңызды қадамы. Олар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық білім беру технологияларын енгізуге және қазақстандық түлектердің жаһандық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.