Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады .
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды.
Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді. Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды.
Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы 8 құрам құрылып, жөнелтілді.