Ол бұған дейін министрлікте департамент директоры лауазымын атқарды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Серікбайұлы Рапиков туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласында "Алпроф" ЖШС-де программист болып бастады.

2009-2012 жылдары – "Казгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.

2012-2013 жылдары – "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК "Мемжеркадастр ААЖ" жетекші маманы, басқарма бастығы.

2013-2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2015-2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ басшысы.

2017-2018 жылдары – "Самұрык-Қазына" корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.

2018-2020 жылдары – "Қазгидромет" РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2020-2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.

2022-2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры.