Құны 352 млн 321 мың теңгеге бағаланған 25 қол сағаты аукционға қойылды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna.kz веб-платформасына жариялаған тауарлардың арасында бастапқы бағасы 150 миллион теңгеден асатын сағат бар.

Оның тек 30 данасы шығарылған.

Ал сағаттағы жауынгерлер 18 караттық алтыннан ойылып жасалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ тізімде 21 млн 897 мың теңгеге бағаланған сағат та бар.

Айта кетейік, аукционға E-Qazyna платформасында тіркелген барлық пайдаланушылар қатыса алады.