Елде 15 облыстық балалар ауруханасы жаңартылып жатыр.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бұдан бөлек телемедицина, симуляциялық және құзыреттілік сияқты орталықтар ашу жоспарланып отыр. Бұл тәсілдер медициналық мекемелерге консультациялық және диагностикалық көмекті жүзеге асыруға, озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Елде жұмыс істеп тұрған ауруханалардың 20 пайызы ғана терапиялық нозологияларды емдеуге бағытталған. Ондағы медициналық жабдықтарды жаңғырту жұмыстарының маңызды бөлігі алдағы екі жылдың еншісінде.