Михаил Катаев Беларусьті фашистік басқыншылардан азат ету шайқасында ерлікпен қаза тапқан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Беларусь Республикасы Гомель облысы Мозырь қаласындағы мектепке Кеңес Одағының батыры павлодарлық Михаил Катаевтың есімі берілді, деп хабарлайды Қазақстанның Беларусьтегі елшілігі.

Герой Советского Союза Михаил Катаев — Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025

Кеңес Одағының батыры Михаил Катаев

© Photo : Официальный сайт администрации муниципального округа Нижняя Салда

Қазақстандық батыр Михаил Катаевтың есімі № 8 Мозырь орта мектебіне берілді. Ол Беларусьті неміс басқыншылардан азат етудегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан.

Днепр үшін шайқаста Михаил Катаев өзеннен салмен бірінші болып өтіп, жауға қарсы тұрды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Сондай-ақ Ленин, Қызыл Жұлдыз ордендері мен «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталған.

Катаев Мозырь өлкесін жаудан азат етуге тікелей қатысқан, бірақ 1944 жылы 26 қаңтарда қаза тауып, денесі Даңқ қорғанындағы бауырластар бейітіне қойылған. Онымен бірге тағы 257 жауынгер жерленген.

Мозырской средней школе присвоили имя Героя Советского Союза-уроженца Казахстана Михаила Катаева — Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025

Беларусь мектебіне Кеңес Одағының батыры павлодарлық Михаил Катаевтың есімі берілді

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана

«Салтанатты жиында батырдың ерлігін туралы естеліктер айтылды. Бюстіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алды», — деп жазылған хабарламада.

Мозырской средней школе присвоили имя Героя Советского Союза-уроженца Казахстана Михаила Катаева — Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025

Беларусь мектебіне Кеңес Одағының батыры павлодарлық Михаил Катаевтың есімі берілді

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана

Салтанатты рәсімге Қазақстанның Беларусьтегі елшілігінің қызметкерлері, Павлодар «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының командирі Александр Шитов, Мозырь аудандық Атқарушы комитетінің басшылығы, Беларусь ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің өкілдері, кадет сыныптары, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары мен Беларусь ТЖМ өкілдері қатысты.

«Салтанатты рәсімде Мозырь аудандық атқарушы комитетінің төрағасы Елена Павлечко Қазақстан фашизмді жеңуге зор үлес қосқанын, сондай-ақ Михаил Катаевтың ерлігін беларусь халқы ризашылықпен еске алатынын атап өтті», — деп жазылған хабарламада.

Іс-шара соңында қатысушылар Кеңес Одағының батыры Михаил Катаевтың бюстіне гүл шоқтарын қойып, оны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мозырской средней школе присвоили имя Героя Советского Союза-уроженца Казахстана Михаила Катаева — Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2025

Беларусь мектебіне Кеңес Одағының батыры павлодарлық Михаил Катаевтың есімі берілді

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана

Айта кетері, қазақстандық жауынгерге қола бюсті былтыр Мозырь қаласының № 8 орта мектебінің аумағында «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағы мен ERG Еуразиялық тобының көмегімен орнатылды.