Үкімет тарифтерді көтеру жиілігін ғана өзгертті.

Премьер-министр Олжас Бектенов тарифтер өсіру тоқтатылмағанын мәлімдеп отыр.

Бұған дейін үкімет кейбір коммуналдық тарифтерді өсіруді кейінгі қалдырды деген ақпарат шыққан. Олжас Бектенов бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Негізі тарифтерді өсіру тоқтатылған жоқ. Осы мүмкіндікті пайдаланып, тарифтерді өсіру ары қарай жалғаса беретінін айтқым келіп отыр", – деді ол үкіметте өткен брифиңде.


Оқи отырыңыз: Үкімет Ақтаудың жылу желілерін қайта құруға 3,6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді


Оның айтуынша, үкімет тарифтерді нарықтық деңгейге дейін жеткізу жұмыстарын жалғастыра береді. Ал соңғы шешім коммуналдық тарифтер өсіруді кейінгі қалдырумен байланысты емес. Үкімет тарифтерді көтеру жиілігін ғана өзгертті.