Бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ.

Премьер-министр Олжас Бектенов ОПЕК+ алдындағы міндеттемелерге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз ОПЕК+ келісіміне қатысушы елміз. ОПЕК+ аясында алған міндеттемелерді барынша орындауға тырысамыз. Алайда биыл Теңіз кен орнында болашақ кеңейту жобасы іске қосылуына байланысты, бұл міндеттемелерді әрдайым орындау мүмкін болмауы ықтимал", – деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығу мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

"Бұл келісім пайдалы деп есептейміз. Ол мұнай нарығындағы тұрақтылыққа ықпал етеді. Біз өз міндеттемелерімізді ұлттық мүдделерді ескере отырып орындауға тырысамыз", – деді Үкімет басшысы.