Аймақ кейбір макрокөрсеткіштер бойынша артта қалып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысын қолдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша 15 өңірде оң динамика қалыптасты. Ал Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстары кейбір көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр", – деді Үкімет басшысы.
Абай облысының әкімі Берік Уәли өңірдің жарты жылдағы көрсеткіштері туралы баяндады.
"Үкімет мүшелеріне айтатыным, Абай облысын қолдау керек. Жаңадан құрылған өңір. Республикалық бюджеттен жіберілетін қаражаттың көлемі жеткіліксіз. Оның бәрін ескеріп, көбейту керек. Қолдау көрсету керек", – деді Олжас Бектенов.