Құқыққорғаушы, Біріккен ұлттар ұйымының еріктісі Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде Түркістан облысы Отырар ауданында 9-сынып оқушысының аяғы ауыр екенін хабарлады. Алайда бұл фактіні полиция растамады, деп хабарлайды Отырар.
Телеарнаның хабарлауынша, құқыққорғаушы Ләззат Рақышева күдікке 4 адам ілінгенін жазған. Оның бірі – 11-сынып оқушысы, қалғаны ересек адамдар.
Оқушы қыздың жүкті болып қалуы туралы ақпарат жөнінде полиция хабар берді.
"Отырар ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған туысына кәмелетке толмаған танысының тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттің жасалуы туралы арыз полицияда қаралып, тергеу жүргізілуде. Тергеу аясында сараптамалар тағайындалды және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама шеңберінде процестік шешім қабылданатын болады", — деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті өкілдері.
Телеарна тілшісінің полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, бірнеше адамның құқыққа қайшы әрекеті және кәмелетке толмағанның жүктілік фактісі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу кезінде бұл расталмаған.
Тергеу мүддесінде өзге ақпарат Қылмыстық процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Өз кезегінде полиция жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес жауапқа тарту көзделгенін еске салады және азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз