Қазақстандық миллиардер Айдын Рақымбаев Facebook парақшасында қызметкерлеріне жасаған сыйлығы туралы жазды.
Мұндай сақинаның бағасы шамамен 400 доллар, яғни 210 мың теңге тұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
А.Рақымбаевтың айтуынша, фин ғалымдары әзірлеген Oura смарт-сақинасын белсенді қолданып жүр.
"Бұл құрылғының аналитикасы денсаулыққа қатысты ғылыми зерттеулерде де қолданылады. 20-дан астам көрсеткіш бойынша биосенсорлар мен жасанды интеллект көмегімен, тәулік бойы өлшем жүргізіледі", – деп жазды ол.
Сақина басқа да гаджеттер секілді қозғалысты, калорияны, қадам санын бақылап отырады. Құрылғының басты артықшылығы – адам ұйқысын терең талдай алады.
"Температура, қан құрамындағы оттегі, жүрек соғысы, оның ауытқуы мен қарқындылығы және осы мәліметтердің комбинациясы арқылы адамның денсаулық жағдайының толық бейнесін шығарады. Алгоритмдер циркадтық ырғақты, ұйқы фазаларын, ұйқысыздықты анықтап, әр түннің тиімділігі туралы нақты дерек береді", – деп кәсіпкер Айдын Рахымбаев.
Кәсіпкер смарт-сақина өмір сапасын айтарлықтай жақсартуға, кейбір ауруларды симптомдар пайда болмай тұрып анықтауға көмектесетінін айтты.
Соңғы бір жылда бұл сақинаны жақындары, достары, тіпті сыныптастарына сыйлаған. Сондай-ақ BI холдингінің 150 басшысына тарту еткен.