Синоптиктер 15 шілдеде елордада, Алматыда, Шымкентте және еліміздің 17 облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз найзағай ойнайды. Ақмола облысында солтүстікте, шығыста, орталықта найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Батыста, оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстікте, шығыста, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең батыста, оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік-батыста аса жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар. Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.

Қарағанды облысында түнде солтүстікте, күндіз батыста және солтүстікте найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Солтүстікте, шығыста жоғары өрт қаупі, батыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында күндіз солтүстікте найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-18 м/с жел соғады. Бүкіл аумақта жоғары өрт қаупі сақталады, орталықта және оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Павлодарда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды. Шығыста түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысында күндіз оңтүстікте 35° ыстық болады. Солтүстік-батыста, батыста, орталықта жоғары өрт қаупі, оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында жел соғады, күндіз оңтүстікте екпіні 15-18 м/с жетеді. Оңтүстікте күндіз 35 градус ыстық болады. Орталықта және оңтүстікте төтенше, солтүстікте, батыста және шығыста жоғары өрт қаупі бар. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 35-38° ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. Желдің екпіні 18 м/с.

Атырау облысында түнде солтүстікте, күндіз солтүстікте, батыста, оңтүстікте найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соағды. Күндіз 35-38° қатты ыстық. Атырауда күн күркіреп, күндіз 35-37° ыстық болады.

Маңғыстау облысында күндіз 38-42 градус ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстікте, тауларда екпіні 15-20 м/с. Қонаев пен Алматыда 15-18 шілдеде 35-39 градус ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында Алакөл көлдерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-42° ыстық болады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 15-18 шілдеде 35-39° ыстық болады.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз 38° ыстық. Батыста, оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі бар. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз тау асуларында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.