Мадридте қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен Астана күніне арналған салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды 24kz.
Мерекелік іс-шара «Кербез сылқым» биімен ашылды. Кеште Түркістан облысының Шәмші Қалдаяқов атындағы филармония өнерпаздары, «Тұмар» фольклорлық ансамблі, «Фараб» би ансамблі және «Арқайым» неоэтнофолк тобы өз өнерлерін көрсетті. «Тұмар» ансамблі орындаған «Адай» және «Балбырауын» күйлері қазақ даласының үнін жеткізіп, көремендердің ыстық ықыласына бөленді. Іс-шара аясында қазақстандық этнодизайнерлердің сән көрмесі ұйымдастырылды. Концерт Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Елшілігі мен «Отандастар қорының» қолдауымен жүзеге асырылды.
Клара, Валенсия қаласының тұрғыны:
- Ұнағанда керемет. Басқа сөзім жоқ. Қазақстанда жүріп, көрмеген концертімді Испанияда тамашаладым. Өте керемет әсер адым. Рахмет көп-көп жастарға.