Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Алматыдан 230 шақырым жерде күшті жер сілкінісі болды

Қазақстан Республикасының Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейсмикалық стансалар желісі 14 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 12:58-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 237 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Қазақстандағы қабылдау туралы мәлімет жоқ. Бірақ Қырғызстанда Достук, Ақ-Жар, Ат-Башы, Бірдік, Таш-Бұлақ ауылдары мен Нарын қаласында 2 және 2,5 баллдық жерасты дүмпулері сезілді.

2025 жылдың 8 шілдесінде Тараз қаласында және Жамбыл облысының бірқатар аудандарында сезілетін жер сілкінісі болды.