Ол бұл қосымша қоғамдық қызмет екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында өзі жазды.

"Сенім білдірген IJF басшылығына, Мариус Визер мырзаға алғыс білдіремін. Еліміздің халықаралық спорт ұйымдарында өкілдерінің болуы өте маңызды. Бұл қадам арқылы еліміздің беделін нығайтумен қатар, тәжірибе де алмасамыз", – дейді Руслан Желдібай.


Оқи отырыңыз: Руслан Желдібай президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды


Ол елімізде дзюдоны дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатқанын еске салды.

"Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын", – деп түйіндеді президенттің баспасөз хатшысы.