Күндіз Павлодар қаласының орталығында 13 жасар қыз соққыға жығылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел адам мектеп оқушысына артынан тұтқылдан келіп шашына бас салған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеп.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Куәгерлер ересек әйелдің жасөспірімнің артынан келіп, шашынан ұстап жерге құлатқанын айтады. Оқыс оқиға 11 шілдеде болды. Сондай-ақ, мектеп оқушысы жеті жасынан бастап белгілі бір дерттен емделуде, соған қарамастан ол сабағын жақсы оқиды, көпшіл, ешкімге өшпенділігі жоқ.
Аталған жағдайға байланысты Палодар облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева түсініктеме берді:
"Көшеде кәмелетке толмаған баланың денесіне зақым келтірді деген күдікті әйелдің жеке басын полиция анықтайтын болады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 109-1-бабы, 2-бөлігі, яғни "Ұрып-соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды".
Сондай-ақ, балалар омбудсменінің айтуынша, барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Жәбірленуші қызға психологтың көмегі ұсынылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Не молчи , Павлодар ! (@ne_molchi_pvl)