Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары Ақтауда теңізге қоқыс пен май төгілді деген ақпаратқа қатысты жедел тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары 12 шілде күні әлеуметтік желіде таралған Ақтау қаласы 15 шағынауданындағы теңіз жағасының ластануына байланысты ақпараттың анық-қанығын тексерді. Шолу жұмыстары барысында теңіз жағасынан ешқандай ластанған аймақ анықталмады, – делінген хабарламада.