Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасы жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмғанын жазған. 1bol.kz басылымының мәліметінше, спортшы оқу-жаттығу жиынына барған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.

Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді", — деп жазады басылым.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз